
Румынияда Қазақстаннан мұнай жеткізілімінің тоқтауына байланысты жанармай тапшылығы қаупі туындады.
Stiripesurse.ro дерегінше, экономикалық кеңесші Адриан Негреску Қазақстан Румыния үшін негізгі мұнай жеткізуші екенін атап өтті. Оның айтуынша, елдің мұнай импортының шамамен 63%-ы қазақстандық шикізатқа тиесілі.
Сарапшы Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалдаудағы кез келген іркіліс румын мұнай өңдеу зауыттарына ауыр салдар әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл бензин мен дизельдің қолжетімділігіне ғана емес, бағаға да әсер етуі ықтимал.
Румын БАҚ-ы КТК мұнай қабылдауды тоқтатқанын хабарлады. Себеп ретінде Қара теңіздегі терминалда танкерлерге жасалған шабуылдар аталды.
Негреску билікті жедел шара қабылдауға шақырып, уақытылы әрекет болмаса, ел бұрын-соңды болмаған жанармай дағдарысына тап болуы мүмкін екенін айтты.
В Атырау +34.5