Атырау, 22 шілде 22:10
 дождьВ Атырау +33.2
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

​Атырауда құжат рәсімдеуді уәде еткен алаяқ әйелге үкім шықты

106 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Атырауда құжат рәсімдеуді уәде етіп, азаматтардың ақшасын иемденген әйелге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді.

Polisia.kz хабарлауынша, ол азаматтардың сенімін пайдаланып, түрлі мәселелерді шешіп беремін деген сылтаумен ақша алған.

Тергеу барысында анықталғандай, ол бір жәбірленушіге жүргізуші куәлігін мерзімінен бұрын қайтарып беремін деп 2,5 млн теңге алған. Тағы бір азаматқа жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзартамын, шетел азаматына тұруға рұқсат қағазын рәсімдеймін деп уәде етіп, Ақтауға баруға ақша сұраған. Алайда бұл уәделерді орындауға оның мүмкіндігі болмаған, алынған қаражатты өзіне жұмсаған.

Нәтижесінде екі жәбірленушіге жалпы 4 млн 800 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді. Сот әйелді кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген соң ол пробация қызметінде есепке қойылды. Қызметкерлер оған жазаны өтеу тәртібін түсіндіріп, профилактикалық әңгіме жүргізді. Сонымен қатар әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп, заң талаптарын сақтау және қайталама құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары атқарылды.

Атырау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тек заңды жолмен алуға және «ақша беріп мәселені шешіп беремін» дейтін адамдарға сенбеуге шақырды.

Бүгін, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.