
Ресей Мемлекеттік думасы елден кеткен саяси қарсыластарға қарсы жаңа заң қабылдады. Бұл заң шетелде тұратын және отанында саяси себеппен қудаланған азаматтардың құқықтарын қатты шектейді, деп хабарлайды Евронью́с.
Спикер Вячеслав Володин мұндай шаралар «елге зиян келтіретін экстремистер мен сатқындарға» бағытталғанын ашық айтты.
Жаңа ережелерге сәйкес, шетелде жүрген диссиденттердің банктік шоттары бұғатталып, жылжымайтын мүлік пен көлікті сатуға тыйым салынады, сенімхат арқылы мәміле жасауға болмайды, барлық лицензиялар мен рұқсаттар тоқтатылады, мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді, консулдық қызметтерден бас тартылады. Заңгерлер мұны іс жүзінде азаматтықтан айыру деп бағалап отыр.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, бұл заң ең алдымен Кремль саясатына қарсы шыққан, Украинадағы соғысқа қарсы болған, «шетел агенттері» реестріне енгізілген, саяси істердің фигуранты болған белсенділерге, журналистерге, құқық қорғаушыларға және оппозициялық ұйымдарға қатысы бар адамдарға бағытталған.
Заң ресми жарияланғаннан кейін бірден күшіне енеді, өтпелі кезең қарастырылмаған.
В Атырау +33.2