
Атырауда криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет ұрлық жасаған 30 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында күдіктінің қаладағы бірнеше азық-түлік дүкендерінің кассаларынан ақша жымқырғаны анықталды. Соңғы рет ол дүкен кассасынан 2,5 млн теңге қолды еткен.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты күзетпен ұстау шарасы қолданылып, іс сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес қосымша ақпарат жарияланбайды. Полиция азаматтар мен кәсіпкерлерді жеке мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
В Атырау +33.2