Атырау, 23 желтоқсан 12:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Рамзан Қадыровтың ұлдары қазақ баласына жауап қайтарды

Бейнежазба
2 038 рет қаралды


Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлдары Ахмад пен Адам Youtube желісіне жүктелген видеода жекпе-жекке шақырған қазақ баласына жауап берді.  

"Сенің қандай спортшы екеніңді білмейміз, алайда менеджерің жақсы екен. Абай – сен нағыз жігітсің. Осы бетіңнен тайма. Сәтін салып жатса, шаршы алаңда кездесерміз, алайда өмірде бауыр болып қаламыз. Біздің елге кел, қонағымыз боласың", — дейді Ахмад Қадыров.  

Ал Адам Қадыров қазақ баласының тәжірибесі жоқ екенін алға тартып, өздерінің клубында жаттығу жасауға шақырды.  

"Абай, Қазақстанда жүріп біздің өнерімізді сырттай бақылап жүргеніңе қуаныштымын. Сенің ұсынысыңа келсек, біріншіден, салмақ дәрежеміз әр түрі, екіншіден, сен бірде-бір жекпе-жек өткізбепсің, тәжірибең жоқ. Біздің клубқа кел, жаттығу жасап, спарринг өткіземіз. Дос боламыз", — деді Адам Қадыров.

Естеріңізге сала кетейік, алматылық он жасар Абай Тәжібай Қадыровтың ұлдарының ММА белбеуін тартып алу үшін оларды жекпе-жекке шақырған болатын.  



Дереккөз: sputniknews.kz

21 ақпан 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.