Атырау, 22 қыркүйек 17:36
Кешке ашық+16, түнде +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 359.00  € 420.10  P 5.41

АСА ісі: Жапа шегуші - құрылтайшы

16 ақпан 19:23


16 ақпанда Атырау қалалық №2 сотында «АСА» КМК бұрынғы директоры Андрей ТАШЛЫКОВ пен осы кәсіпорынның бөлім басшысы Гүлмира ОЖЫРАЕВАҒА қатысты сот процесі жалғасты. Отырыста алдыңғы берілген талап-өтініштер қаралды.

Судья Мирамбек НАҒАШЫБАЕВ Ожыраеваның адвокаты Асылан ЖОЛБОЛОВ түсірген қалалық әкімдікті жапа шегуші ретінде танымау туралы талап-өтінішке қатысты шешім шығару үшін сотқа Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ұлттық бюросының тергеушісі Ғибат КУКАТОВ пен «АтырауСуАрнасы» КМК директорының м.а Руслан КУРМЕТОВТІ шақырды.

Гибат Кукатов:

- Сол кездегі қала әкімі Бергей Рысқалиевтің бұйрығымен 2006 жылы «АтырауСуАрнасы» КМК құрылды. Бұйрықта мекемені құруға облыс бюджетінен 22 млрд теңге бөлінгені жазылған. Бюджет кодекісіне және «Мемлекеттің мүліктер туралы» заңына сәйкес тергеу барысында мен жапа шегуші тарап ретінде Атырау қалалық әкімдігін таныдым. Сонымен қатар қала әкімінің бұйрығымен қалалық әкімдік аппаратаның басшысы кез-келген уақытта тиесілі адамға сенімхат бере алады.

Руслан Құрметов:

- Мекеменің құрушысы - қалалық әкімдік. Құруға 20 млрд-тай қаржы бөлінген, толық соманы білмеймін. Біз заңды тұлға болғандықтан тұтынышулардан жиналатын  ақша біздің есеп-шотымызға түседі.  

Судьядан рұқсат сұрап Андрей Ташлыков өз пікірін білдірді:

- Кәсіпорын құрылған кезде 21 нысан болса, қазір баланста 88 нысанымыз бар. Өткен жылы ТШО компаниясынан бізге демеушілік көмек көрсетті.  Әкімдіктен ешқандайақша аударылмады.  

Тараптардың пікірін тыңдаған соң,  судья  шешім шығару үшін екі сағат үзіліс жариялады. Бұдан кейін ол адвокат Жолболовтың  талап-өтініштерін қанағаттандырылмайтынын жариялады. Сот отырысы 21 ақпанда жалғасады.

Фархат ӘБІЛОВ

Ескерту: адвокаттардың бірінің өтінішімен 16 ақпаннан бастап фото және видео түсірілімдерге тыйым салынды.

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1559 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

«AСA» ісі: Екінші жапа шегуші - «ақ үй»  1398 рет қаралды

АСА ісі: Апаттан ақша жасаған ба?  1682 рет қаралды

«АСА» ісі: Прокурор келісімге дайын  2102 рет қаралды

Оқиғалар тізбегі  600 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6