Атырау, 29 шілде 00:07
 дождьВ Атырау +32.4
$ 476.75
€ 541.59
₽ 6.06

Қазақстанда автокөлік құжатын интернет арқылы рәсімдеуге болады

1 950 рет қаралды


Қазақстанда алдағы уақытта автокөліктерді рәсімдеуге қатысты құжат жұмыстары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, интернет арқылы реттеуге болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жартыжылдықтың соңына дейін бір жұмысты жүзеге асырамыз деп отырмыз. Нақтырақ айтқанда, автокөліктерді рәсімдеу жұмысы Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, үйден интернет арқылы реттеледі. Яғни, сіз интернет арқылы тапсырыс беріп, қажетті құжатты «Қазпошта» арқылы ала аласыз. Бұл қадам көлік жүргізушілеріне ұнайды деген сенімдемін. Бізге осы жұмысты жүзеге асыру керек», - дейді Асқар Жұмағалиев. 

Айта кетсек, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы тапсырмасы бойынша елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. 

Дереккөз: inform.kz

16 ақпан 2018, 09:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.