Атырау, 23 желтоқсан 15:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Министр АЭА туралы: біз күткен үмітті ақтамады

1 424 рет қаралды


ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек арнайы экономикалық аймақтарға қатысты заң жобасы бойынша жұмысты жеделдетуді тапсырды.

"Біз АЭА бойынша үлкен талдау жүргіздік. Біраз кемшін тұстар бар. АЭА инфрақұрылымына қыруар қаржы құйылды, бүгінде мемлекет инвестициясына құрылған 11 АЭА біз күткен үмітті ақтамады деп санаймыз", — деді министр ведомство алқасының кеңейтілген отырысында. 

Оның айтуынша, осы және келесі апта әкімдіктермен бірлесіп әр экономикалық аймақтың мәселесі тыңдалады. Кейін АЭА-ның одан арғы жұмысы бойынша нақты ұсыныстар енгізілмек.

"Кеңейтілген отырыста президент арнайы экономикалық аймақтарға қатысты көп сын айтқан болатын. Қазір парламентте заң жобасы қаралып жатыр. Осы заң бойынша жұмысты жеделдету керек", — деді Қасымбек.

дереккөз: sputniknews.kz

14 ақпан 2018, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.