Атырау, 2 сәуір 0943
 ашықВ Атырау +20
$ 503.15
€ 543.30
₽ 5.93

Телефон қымбаттап, интернет арзандады

3 385 просмотра

1-ші ақпаннан бастап «Қазақтелеком» жаңа тарифтер енгізбек.

Келесі айдан бастап жеке тұлғалар үшін негізгі телефонның абоненттік төлемақысы 20 пайызға өспек. Қала тұрғындары үшін -582,40 теңгеден 698,88 теңгеге дейін, ауыл тұрғындары үшін – 386, 68 теңгеден 464,02 30 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, жеке нотариустарға, адвокаттарға және жеке кәсіпкерлерге арналған телефон үшін абоненттік төлемақы да 722,06 теңгеден836,20 теңгеге дейін көбеймек.

Заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ, барлық топтағы қолданушылар үшін қалааралық телефон байланысы үшін абоненттік төлем бұрынғы қалпында қалады.

Сонымен қатар, «Қазақтелеком» жылдамдығы 256Кбит/с-дан кем болмайтын Интернет торабын ұжымдық пайдалану қызметі үшін тарифтің 52,38 пайызға төмендегенін хабарлайды. Ол енді әрбір толық/толық емес бір минуттық байланыс үшін 2,24 теңге құрамақ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

27 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


16