Атырау, 20 тамыз 10:07
Күндіз ашық+27, кешке +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 360.12  € 409.67  P 5.33

​ҰБТ тапсыру ережелеріне толықтырулар енгізілді

13 ақпан 17:46


Білім және ғылым министрлігінің "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов алдағы Бірыңғай тестілеуге дайындық туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл тест тапсырмаларының базасы 50 пайызға жаңарды. Былтыр 80 мың тест тапсырмасы болса, биыл - 120 мың. 11 пайызы  функционалдық сауаттылықты анықтауға бағытталған. 37 пайызының бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар. Мұндайды былтыр енгізгенбіз. Бұл пәнді терең түсінуге, құрғақ жауаптарды жаттап алудан сақтайды. Бұл бітірушінің ойлай алуы үшін жасалған", - дейді Әлімқұлов министрлік алқасының кеңейтілген отырысында. 

Оның сөзінше,  2018 жылы ҰБТ тапсыру ережелері өзгереді, алайда, тест тапсырушылардың ыңғайлығы үшін аздаған өзгерістер жасалды. ҰБТ бес пән бойынша өтеді: үш міндетті және екеуін таңдауға болады. 

"Ауырып қалса не басқа да негізді себептер туындағанда қалада басқа да тапсыру пунктері болса, бітіруші сол лекпен, қабылдау комиссиясының шешімімен тапсыра алады. Бітіруші бір пункке бекітіледі, қандай да бір себеппен өзінің пунктінде тапсыра алмай қалса, келесі күні басқа пунктке барып, сонда тапсырады. Өйткені өзінің пункті жабылып қалады. Бұрын бітіруші басқа пункте тапсыра алмайтын, өйткені, бақылау-өлшеуші материалдар бекітілген пункте ғана басып шығарылатын", - деп аяқтады сөзін Рамазан Әлімқұлов. 

Дереккөз: tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

580 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға болады - Сағадиев  371 рет қаралды

​Банктің экс-қызметкерлері депозиттен ақша ұрлаған  212 рет қаралды

​Қазақстанда ҰБТ басталды  248 рет қаралды

​Дариға Назарбаева азиялық "шенген" құруды ұсынды  333 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5