Атырау, 15 тамыз 19:20
Түнде ашық+21, таңертең +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.28  € 414.25  P 5.44

Бозымбаев Астанаға газ тартуға ақша қайдан алынатынын айтты

13 ақпан 11:19


Астана мен басқа да өңірлерді газбен қамту үшін Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз тарту бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Астананы, сондай-ақ бірқатар өңірді газбен қамту үшін "ҚазТрансГаз" компаниясы "Сарыарқа" магистралды газ құбырының құрылысы жобасының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірледі. Сараптаманың оң қорытындысы бар. Қазіргі таңда жобаны Еуропа қайта құру және даму банкінен қарыз тарту арқылы қаржыландыру мәселесі бойынша белсенді келіссөздер жүріп жатыр", — деді министр

Оның айтуынша, "Сарыарқа" газ құбыры жобасын қаржыландыру схемасын, шарттарын анықтау үшін ұлттық эокномика, қаржы министрліктері, Астана әкімдігі, "Самұрық-Қазына" қоры мен "ҚазМұнайГаз" өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобы құрылуда. 

Бұған дейін жоспар бойынша газ құбыры Қызылорда, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау, Астана, Көкшетау және Петропавл қалалары арқылы өтетіні хабарланған еді.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

471 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Бозымбаев: ПМХЗ-ны жаңғырту мерзімдері сақталмаған жағдайда ҚМГ топ-менеджменті жұмыстан босатылады   660 рет қаралды

Жасыл климат қоры Қазақстанға 110 млн доллар бөлді   542 рет қаралды

Қауіпсіздік үшін ақша төлейсіз  1541 рет қаралды

Газ саласындағы жаңа өзгерістер  1412 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6