Атырау, 14 қаңтар 16:57
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

​Назарбаев Ресейде болған ұшақ апатына байланысты көңіл айтты

2 288 рет қаралды


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу түбінде болған ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының құлауы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. "Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", - делінген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге жолданған жеделхатта. 

Еске салайық, 11 ақпанда күндізні уақытта Ан-148 ұшағы сағат 14.21-де Домодедово әуежайынан ұшып шығып, 7 минуттан кейін, яғни 14.28-де күтпеген жерден радарлардың экранынан жоғалып кетті.  Жоғалып кеткен Ан-148 ұшағының бортында 65 жолаушы мен экипаждың 6 мүшесі болған. Қылмыстық іс қозғалды.  Ал кейінірек қаза тапқандар тізімі және оқиға орнынан суреттер жарияланды. Сондай-ақ, Ресейде апатқа ұшыраған ұшақта ұлты қазақ жолаушының болғаны айтылады.

Дереккөз: tengrinews.kz

12 ақпан 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.