Атырау, 19 мамыр 22:58
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Қазақстандықтар БАӘ-ге визасыз кіре алатын болды

1 081 просмотра


Қазақстандықтар 10 наурыздан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болды. Бұл туралы ҚР-дағы БАӘ елшігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан халқын 10 наурызан бастап осы елдің азаматтарына Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін болуға визасыз режим енгізілуімен құттықтаймыз. БАЭ-ге қош келіпсіздер", - делінген Twitter-дегі хабарламада. 

Ал өз кезегінде ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов осы жағдайға қатысты Facebook желісінде "Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады" деп пікір білдірді. 

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер және халықаралық әріптестік министрі, шейх Абдалла бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер жүргізіп, осы кездесудің басты нәтижесі екі елдің азаматтарын 30 күн мерзімге визасыз кіргізуді қарастыратын құжатқа қол қою болған еді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

9 ақпан 2018, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.