Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қазақстанда Тарифтік саясат жөніндегі кеңес жұмысын бастайды

1 369 просмотра


Қазақстанда Тарифтік саясат жөніндегі кеңес құрылады. Бұл туралы Мәжілісте «Табиғи монополиялар туралы» заң жобасын таныстыру барысында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Тарифтің қалыптасуының ашықтығына қатысты өкілетті органға наразылықтар аз емес. Енді жаңа құрылым енгізілуде, яғни Тарифтік саясат жөніндегі кеңес болмақ. Осы орайда аталған Кеңестің тарифтік реттеу әдісін айқындау бойынша ұсыныстар жасайтыны, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламалар жобаларын талқылайтындығы қарастырылған. Сонымен қатар қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстарды жасап, тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуы бойынша есептерді тыңдайды», - деді Жұманғарин.

Оның сөзіне қарағанда, Тарифтік саясат жөніндегі кеңестің құрамына Парламент депутаттары, ҰКП пен қоғамдық ұйымдар өкілдері, тәуелсіз сарапшылар кіреді.  

Дереккөз: inform.kz

8 ақпан 2018, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.