Атырау, 14 қаңтар 15:08
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда сүт қымбаттады

2 422 рет қаралды


Қазақстанда 2016 жылмен салыстырғанда 17,4 процентке қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz сайты. 

Порталдың мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандықтарға шикі сүттің литрі орташа 199 теңгеге (17,4%-ға өсті), пастерленген сүт 215 теңгеге (+7,8%) түскен. 

Қаймақ 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,5%-ға, килограмы 987,8 теңгеге дейін, сүзбе 8,6%-ға, килограмы 1500,8 теңгеге дейін, сыр 9,4%-ға, килограмы 2232,2 теңгеге дейін қымбаттады. 

Сары майдың бағасы бір жылда 11,6%-ға, килограмы 1944,8 теңгеге, спред 5,6%-ға, килограмы 829 теңгеге дейін өсті. 

Сонымен бірге шикі сүттің бағасы жылына 17%, қаймақ, сүзбе және сыр 9%, сары май 12%-ға қымбаттаған.  

Сүт өнімдерін өндірушілер 240,2 миллиард теңгенің (14%-ға көп) тауарын өндірген. Қымыз өндірісі күрт өсті (бірден +46,3%). 

Дереккөз: sputniknews.kz

5 ақпан 2018, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.