
2015 жылы Наталья Слекишина бірнеше адамның үстінен арыз жазып, өзін зорлағандары туралы айтты. Айыпталушылардың бірі Омарбеков осы зорлау фактісі туралы білсе де, оған аса назар аудармаған. 2017 жылдың қараша айында Түркісіб соты Омарбековты ҚР ҚК 2-бабы «Қызметін теріс бағытта пайдалану» және ҚР ҚК 370-бап 4-бөлім «Қызметінде әрекетсіздік таныту» бабы бойынша сотталды.
Оған сот бес жыл көлемінде жаза тағайындаған болатын. Мұнымен қатар, сот оны арнайы әділет подполковнигі лауазымынан айырып, өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге тыйым салды. Слекишинаның ісіне қатысты моральдық шығынды толықтай өтемеген. Сот үкім шығарар кезде Омарбековтың бірінші рет қылмыстық жауапкершілікке тартылып отырғанын, қартайған анасы мен кәмелеттік жасқа толмаған екі баласының бар екенін ескерді.
«Омарбеков Ермек Дәулетұлы өмір бойына мемлекеттік органдарда жұмыс істеу құқығынан айырылды, жазасын орташа қауіпсіз қылмыстық-орындау жүйесінде өтейді және ол екі жылға бас бостандығынан айырылды. Е. Д. Омарбеков жазасын 2017 жылдың 8 маусымынан бастап өтей бастады. Мүлкі тәркіленбейтін болды», - делінген үкімде.
Естеріңізге сала кетсек, Алматыда тергеу абақтысының қызметкерлері жазасын өтеп жатқан әйелді жабылып зорлады деп айыпталған болатын. 32 жастағы Наталья Слекишина 155/18 мекемесінде жазасын өтеп жүрген колонияның төрт қызметкері оны жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенін мәлімдеді. Сол кезде ол жүкті болып, артынан бала тапқан. ДНК-сараптамасы Нәзира атты шақалақтың әкесі түрме қызметкерлерінің біреуі екенін растады. Қалғандары тағылған айыппен келіспей отыр. Бәрінің жасы 35-тен асқан. Бала-шағалары да бар.
Адвокат Айман Омарованың айтуынша, Н.Слекшина түрме басшылығына арызданған. Алайда олардың тарапынан тиісті шаралар қолға алынбаған.
Дереккөз: Baq.kz
В Атырау -4