Атырау, 24 сәуір 13:49
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Сағынтаев «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумына қатысады

1 838 просмотра


Бүгін 2 ақпанда Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумы өтеді, оның аясында инновацияларды және технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, базалық интеграциялық жобалар, Еуразиялық экономикалық одақтағы өнеркәсіптік цифрландыру және ауыл шаруашылығын цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Форум жұмысына Арменияның Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусьтің Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қазақстанның Премьер-Министрі - Б. Сағынтаев, Қырғызстанның Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресейдің Премьер-Министрі - Д. Медведев, сондай-ақ  Әзірбайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары қатысады.

Еске салсақ, 2017 жылғы қазанда Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында ЕАЭО мүше мемлекеттердің басшылары 2025 жылға дейінгі цифрлық күн тәртібінің негізгі бағыттарын бекітті, сондай-ақ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ЕАЭО экономикасын цифрландыру бойынша арнайы кездесу өткізу туралы бастамасын қолдады.  

Форумның онлайн-таратылымын 2 ақпанда 11:00-де PrimeMinister.kz сайтынан және Фейсбук«ВКонтакте»ТвиттерПерископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінен, Ютуб ресми арнасынан, сондай-ақ Андроид пен Айфонға арналған мобильді қосымшалардан көріңіздер. 

Күннің екінші жартысында Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын және кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысады.

Іс-шараға Армения Республикасының Премьер-Министрі - К. Карапетян, Беларусь Республикасының Премьер-Министрі - А. Кобяков, Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі - С. Исаков, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі - Д. Медведев және Еуразиялық экономикалық комиссиянның Алқа Төрағасы Т. Саркисян қатысады деп болжанып отыр.

Шағын құрамда цифрлық күн тәртібі мәселелерін, сондай-ақ ішкі нарықтың жұмыс жасауы шеңберіндегі қатысушы елдердің міндеттемелерін қарау жоспарланған.     

Кеңейтілген құрамдағы отырыста қатысушылар макроэкономикалық жағдайды және ЕАЭО мүше мемлекеттердің арасындағы өзара сауда жағдайын талқылайды, агроөнеркәсіп кешені, өнеркәсіп кешені дамуының ортақ болжамдарын және ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерін талқылайды.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарды қабылдау жоспарланған.

Анықтама: Алда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес биыл алғашқы болмақ. 2017 жылы осындай іс-шаралар Бішкекте (Қырғызстан), Қазанда (Ресей Федерациясы), Астанада (Қазақстан) және Ереванда (Армения) өтті.

Барлық құқығы қорғалған.

primeminister.kz материалдарын жеке мақсаттан басқа, кез келген жағдайда пайдалану кезінде primeminister.kz веб-сайтына гиперсілтеме жасау міндетті.

primeminister.kz материалдарын пайдалану кезінде:

– басылым беттерінде немесе қағаз, таспа және т.б. секілді материал тасығыштардың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез материалдардың www.primeminister.kz веб-сайтынан алынғанын көрсетіп отыруы міндетті.

– Интернетте немесе электронды түрде пайдаланудың өзге де түрлерінде пайдаланушы әр кез «www.primeminister.kz» веб-сайтының басты бетіне гиперсілтеме беруге міндетті.


2 ақпан 2018, 09:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.