Атырау, 20 мамыр 01:38
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Оңай» картасы арқылы дәрі-дәрмекті онлайн сатып алуға болады

2 299 просмотра


«Оңай» картасы мен мобильді қосымшаларды пайдаланушыларға 103apteka.kz порталын пайдалана отырып, дәрі-дәрмектерді сатып алу мүмкіндігі туды, деп хабарлайды «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз қызметі.

103apteka.kz порталынан дәрі-дәрмектерден басқа, емдік косметикаларды, гомеопатиялық дәрілік заттарды, сондай-ақ басқа да көптеген профилактикалық өнімдерді алуға болады.

Сонымен бірге, «Оңай» картасы арқылы аталмыш порталдан қажетін алу үшін, ҰОС ардагерлеріне арналған жеңілдік те қарастырылған. Олар дәрі-дәрмектерді 5 пайыз жеңілдікпен ала алады.

«103apteka.kz  сервисіндегі дәрі-дәрмектердің төлемін, «Оңай» картаның көмегімен қажетті нұсқаулықтарды таңдай отырып, жасауға болады. Онлайн төлем үшін де мобильді қосымшада арнайы код орнату қажет», – дейді «Алматы көлік холдингі» ЖШС баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев.

Төлем жасау барысында, әдеттегідей, картаның шотында жеткілікті қаражат болуы тиіс. Кейін картадан белгіленген сома қысқартылатын болады. Ал, жасалған сатылым қолданушының жеке кабинетіне келіп түседі.

Сондай-ақ, қазіргі кезде «Оңай» картасы арқылы Алматы Медеу мұз айдынын, «Немо» дельфинарийін, Hard Rock Cafe, Ipizza, Zheka’s Doner House, “KANGO” батутты паркін төлеуге болады.

Дереккөз: 7kun.kz

1 ақпан 2018, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.