Атырау, 14 қаңтар 13:31
 қар жаууы ықтималВ Атырау -4
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Қазақстанда "Союз-2" зымыранының бөлшектері қайда құлайтыны анықталды

1 440 рет қаралды


Қостанай облысының жеріне "Союз-2" зымыраны бөлшектерінің құлауы жергілікті экологияға зиянын тигізбейді, деп мәлімдеді Қазақстанның қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов.

"Бұл мәселе бойынша әлі күнге дейін мемлекеттік органдар өзара келісімге келіп жатыр. Бұдан бөлек, мен Жангелдин ауданына биыл көктем кезінде барып келгелі отырмын. Осы жылы зымыранды ұшыру жоспарда жоқ. Ал жалпы бөлшектердің құлауына бөлінген жер эллипс тәрізді, радиусы 22 және 44 километр", — деді Атамқұлов.

Ол атап өткендей, экологиялық сараптама Қазақстанда да, Ресейде де жасалған.  "Сонымен бірге, қоғамдық қауымдастықтарды жұмылдырып, олар экологиялық қауіпсіздікті тексерді. Әсіресе жануарлар әлеміне қалай әсер ететіні зерттелген. Бұдан келер экологиялық қауіп жоқ. Әлі шешім қабылданған жоқпыз, тек талқылап жатырмыз. Болашақта зымыран ұшыру туралы шешім қабылданады, үш жыл ішінде жеті рет ұшырылмақ", — дейді министр.

Қостанай облысы Жангелді ауданының жерін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан  "Союз-2" зымырандарын ұшырған кезде бөлшектері құлайтын аумақ ретінде пайдалану жоспарланған.

Дереккөз: sputniknews.kz


1 ақпан 2018, 14:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.