Атырау, 23 желтоқсан 20:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Әскерден қашқан сарбаз 10 күннен соң табылды

2 213 рет қаралды


Жамбыл облысында әскери бөлімшеден қашып кеткен сарбаз он күннен соң Алматыда табылды, деп хабарлайды қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын ведомство мәлімдегендей, қатардағы сарбаз Бозбанов 21 қаңтарда өз бетімен әскери бөлімшеден кетіп қалған.

"Алматыда 30 қаңтарда іздеу шаралары барысында Қарулы күштердің әскери полициясы әскери борышын өтеп жүрген қатардағы сарбаз Бозбановты тапты", — делінген хабарламада. 

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, әскери бөлімше Жамбыл облысында орналасқан, "Оңтүстік" аймақтық командованиесіне жатады.

Дереккөз: sputniknews.kz

1 ақпан 2018, 09:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.