Атырау, 22 желтоқсан 08:07
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 332 просмотра

КАРАТЭ

Одессада кекушинкай каратэ-до бойынша әлем чемпионатында атыраулық спортшы Андрей Котов керемет нәтиже көрсетті.

Алғашқы екі жекпе-жекте ол Украина өкілдерін нокаутқа түсірді, ал финалда тең жекпе-жекте төрешілердің (хайнтей) шешімімен ҚР құрамасындағы серігі, астаналық Нұрлыхан Сәдуақасовтан басым түсті.

А. Котовтың facebook-тағы парақшасынан алынған сурет.


***


26 қаңтарда Парижде Karate1-2018 Премьер-Лигасының бірінші кезеңі жерлесіміз Әсел Серікова пен ирандық Трават Хаксар арасындағы жекпе-жекпен басталды. Сайыс үлкен қызығушылық тудырады, өйткені, карате Олимпиада 2020 бағдарламасына енген. Спортшылар лицензия алу үшін рейтингтік ұпайлар жинауды бастады.

Әсел ұзақ уақыт 2:1 есебін ұстап тұрды. Бірақ аяқталуға 2 секунд қалғанда 3 ұпайлық аяққа соққы маваши-гериді өткізіп алып, ұтылып қалды. Бірақ Олимпиадаға қатысу үшін күрес әлі аяқталған жоқ. Алда Әсел Испания мен БАӘ-де өтетін турнирлер сериясына қатысады. 


***

БАСКЕТБОЛ

Ақмола облысының Щучинск қаласында 2005-06 жылғы жасөспірімдер арасында ел чемпионаты өтті. Оған екі топқа бөлінген 10 команда қатысты.

«Атырау барыстары» тек «Алматы» БК» командасынан ұтылып, өз тобында екінші орын алды. Ал матчта үшінші орын үшін 48:40 есебімен «БҚО» командасын (Орал) жеңді. Нәтижесінде қола иеленді. Ақтық матчта Ақтөбедегі қарсыластарынан басым түскен «Алматы» БК» командасы чемпион атанды.

«Барыстар» ойыншысы Никита Крюков чемпионаттың үздік ойыншыларының символикалық бестігіне енді.

- Менің шәкірттерім өсіп жатыр, олардың шеберлігі де өсіп келеді, - дейді жаттықтырушы Амантай Торғаев. - Егер «Алматы» БК» туралы айтар болсақ, олардың нәтижесі көбінесе екі ойыншыға – ҚР құрамасының мүшелеріне байланысты. Олардан тек 8 ұпай айырмашылықпен ұтылып қалдық, ал өткен жылы чемпионатта үлкен айырмашылық - 29 ұпай болды.

***


БОКС

Атырау облысының құрамасы әйелдер боксы бойынша Алматыда өткен ел чемпионатында ойдағыдай өнер көрсетті.

Зарина Халидолланың еншісіне алтын алқа, Нұрсәуле Елтайға – қол алқа бұйырды. Қыздарды Әлібек Көшенов жаттықтырады.

***

ФУТБОЛ

«Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлағандай, футбол клубы «Акуреден келген жолбарыс» деген лақап есімді нигериялық шабуылшы Бабатунде Бабатунде Темитопе Адениджимен келісімшартқа қол қойды.

22 жастағы шабуылшы өз отанында «Саншайн Старс» клубында ойнап, 71 матчта 42 гол соққан. «Атыраудан» бұрынғы соңғы клубы Софиядағы «Левски» болгариялық клубы болатын. Өз елінің ұлттық құрамасы үшін 4 матч өткізді.

***

МУАЙ-ТАЙ

Муай-тайдан балалар мен жасөспірімдер арасында Алматыда өткен ел чемпионатында «Қайсар» (Атырау) және «Алан» (Доссор) спорт клубтарының шәкірттері қоржындарына алқалар толтырып қайтты.

11 аймақтан 300-ден астам жас спортшы рингте бақ сынады. Облыстық құраманың нәтижесі: алтын алқа - Әзиза Құрманғалиева мен Сағынбек Хасанов; күміс - Юсуф Мұхтасип, Ернар Түгелбай, Алан Юсупов, Рустамбек Мырзабек және Әли Болатқали; қола - Вадим Демидов, Рамиль Маратов, Әлихан Амантай, Әли Құрманғали, Қайрат Айдынғали және Дархан Кисаллин. Ю.Мұхтасип «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы сыйлығымен марапатталды.

***

АУЫР АТЛЕТИКА

БЖСМ-1 залында жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті.

Жұмабаев, Никита Ефремов, Павел Трембач,  Ноғайбек Нұргелді, Алмат Изимов, Бағыт Әлішер чемпион атанды. Қыздар арасында  Анастасия Симакова жеңіске жетті. Ең жас қатысушы Олег Фофонов небәрі 10 жаста, бірақ чемпионаттағы сайыс қорытындысы бойынша, ол екінші ересектер санатының нормативін орындады. Атлеттерді Тахир Халматов, Игорь Миргамбаев және Арман Убиев дайындады.

***

БИАТЛОН

Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен мектеп және колледж оқушылары арасында биатлон бойынша облыстық чемпионат өткізілді.

Сайысқа Амангелді, Алтынсарин атындағы мектептерден және политехникалық колледжден 42 шаңғышы қатысты.

Жарыстың ұзақтығы -  ұлдарға бір шақырым, қыздар үшін 500 метр құрады. 1-ден 3-ке дейінгі жүлделі орындарға, сәйкесінше, ұлдар Әлібек Тапаев, Райымбек Ақжігітов пен Қанат Қайруллаев, қыздар арасында - Сайжан Саясат, Фарида Зайрова және Алина Сұлтанова ие болды.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



1 ақпан 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.