Атырау, 20 мамыр 00:25
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Әлеуметтік желілерде шағымдарды қалдыратын аккаунт ашылмақ

1 594 просмотра


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметттік желілерде жолдарға қатысты шағымдарды қалдыруға болатын аккаунт ашады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Мәселен, егер ауылды аймақтарда мемлекеттік бағдарлама аясында жолдар сапасыз салынып жататын болса немесе газ құбыры жұмыс істемесе, әрбір адам Агенттікке хат жаза алады. Шағым жедел түрде қаралады. Әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылып, онда тұрғындар өздеріне ыңғайлы форматта материалдарын кез келген уақытта жолдайтын болады», - дейді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Астанада өткен ведомсвоның алқа отырысында. 

Сонымен бірге, ол бұл бағытта қарапайым халық шешуші рөлді атқарып, шағымдармен бірге қажетті фактілерді алға тартуы керектігін атап өтті. 

«Кей кезде бір ғана фотосурет жетерлік болып жатады. Орталықта отырып, сонау Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Молодежный кентінде не болып жатқанын көру мүмкін емес. Бізге бақылау жұмысына келгенде белсенді азаматтық көмекшілер керек», - дейді ол. 

Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, қоғамдық бақылаудың маңызы аса зор. 

«Олар осы идеяны түйсініп, қоғамдық бақылау жұмысын талдауды бастауы керек. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне бірлесе жұмыс атқарудың тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол ең алдымен барынша ыңғайлы болуы тиіс. Кез келген өтінім барынша оқиға орнын барып тұрып зерттелуі керек», - деп түйді Алик Шпекбаев.

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2018, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.