Атырау, 20 мамыр 00:59
 ашықВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Келімбетов криптовалютаға қатысты кеңес берді

2 070 просмотра


«Астана» халықаралық қаржы орталығы криптовалюта нарығына араласпайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астана» ХҚО басшысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қаржы орталығы аясында блокчейн сияқты теxнологияларды кеңінен қолдану мәселесі жан-жақты зерделеніп жатыр. Осы жұмысқа бірқатар шетелдік компаниялар да атсалысуға даяр. 

«Криптовалюта жайында айтар болсақ, бүгінде «Сіздер Халықаралық қаржы орталығы аясында ұлттық криптовалютаны құруды қарастырып жатқан жоқсыз ба?» деген сұрақты бізге жиі қояды. Шыны керек, аталған мәселені әлем елдері жан-жақты зерттеп жатыр. Ұлыбритания, Сингапур банктері де зерделеп келеді. Бірақ нақты шешім жоқ. Ал Қазақстанда криптовалютаны құру мәселесі Ұлттық банктің құзіретіне жатады. Біз болсақ, тек блокчейн теxнологияларын қолдану жағын ғана зерделеп жатырмыз», - деді Қ.Келімбетов бүгін Үкімет үйінде өткен бапасөз мәслиxатында. 

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде әлем басшылары мен қаржы министрлері криптовалютаны спекулятивті құрал ретінде қарастырып отыр. 

Ол жайында Давос экономикалық форумында да айтылды.

«Негізі, белгілі бір өнімге инвестиция салса, оның өсуі үнемі жоғарылайды деп ойламау керек. Бәріміз жақсы білеміз, күндердің күнінде соның бәрі көпіршік сияқты жарылады. Бірақ ол коллапстың қашан болатынын ешкім дөп басып, айта алмайды. Меніңше, ондай нәрселермен xалықтың жаппай айналысқаны қауіпті. Онымен кәсіби инвесторлар айналысуы қажет», - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2018, 15:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.