Атырау, 4 наурыз 14:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Ауғанстандағы жер сілкінісі Шымкент және Тараз тұрғындарына сезілді

2 754 рет қаралды


Ауғанстанда болған 6.9 магнитудалы жер сілкінісін Шымкент және Тараз тұрғындары да сезді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР БҒМ «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісіне сілтеме жасап.

Жер сілкінісі 13 сағат 07 минут 00 секундта тіркелді, эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 894 км қашықтықта, Ауғанстан аумағында болды. 

«Энергетикалық санаты 14.1. Магнитуда MPV 6.9. Ошағының тереңдігі 180 км. МSК-64 шкаласы бойынша: Шымкентте 3-4 балл, Таразда 3 балл сезілді», - делінген хабарламада. 

Осыған дейін Шымкентте сағат 13-10-да жер сілкінгендігі жөнінде хабар таратылған болатын.

Дереккөз: inform.kz

31 қаңтар 2018, 14:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.