Атырау, 23 желтоқсан 21:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Қазақстанда бірнеше телеарна жұмысы уақытша тоқтатылды

2 075 рет қаралды


«Қазақстанда 31 қаңтарда бірнеше телеарнаның жұмысы уақытша тоқтады» деп хабарлады телерадио хабарларын тарататын «Қазтелерадио» компаниясына сілтеген жергілікті ақпарат агенттіктері.

«Қазтелерадиода» жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізілуіне байланысты 31 қаңтарда сағат 3-тен 17-ге дейін телеарналар хабарларын таратуда үзіліс болуы болуы мүмкін» делінген компания хабарламасында. Жұмысы уақытша тоқтатылған телеарналар қатарында мемлекеттік телеарналар да бар.

Оператордың хабарлауынша, күндіз сигнал ауық-ауық пайда болып, қайта үзіліп, дұрыс берілмеуі мүмкін. Қазір кем дегенде екі ірі мемлекеттік телеарна хабары уақытша тоқтатылған. Телеарналар «тұнық сигнал» жоспарлы профилактикалық жұмыс жүргізіліп жатқандықтан жоғалып кеткенін айтады.

Дереккөз: azattyq.org

31 қаңтар 2018, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.