Атырау, 23 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шахматшы Бибісара Асаубаеваға қатысты дау шықты

1 974 рет қаралды


Мәскеуге көшіп, Ресей үшін өнер көрсетіп жүрген 13 жастағы қазақтың шахматшы қызы Бибісара Асаубаеваға қатысты дау шықты. 2017 жылғы қыркүйекте ресейлік жаттықтырушы жас дарынды шахматшыны «алаяқ» деп айыптаған. Нақтыласақ, ол қыз электрондық көмек пен гроссмейстерлердің кеңесіне жүгінді деген.

Baq.kz тілшісінің хабарлауынша, осы мәселеге қатысты танымал адвокат Александр Добровинский өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Бибісара Асаубаеваны қорғайтынын жазған. Сондай-ақ, ол өз жазбасында жас шахматшыға қатысты іс жайлы да баяндаған.

Атап өтсек, Бибісара Асаубаева – шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы. 2017 жылы ол 14 жасқа дейінгі әлемнің вице-чемпионы атанған. Тараз қаласының тумасы бірнеше мәрте Қазақстан чемпоны атағына ие болып, 7 жасында халықаралық деңгейде шебер атанған.

Дереккөз: baq.kz

31 қаңтар 2018, 09:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.