Атырау, 23 желтоқсан 21:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Шымкентте балалар құмға көмілген ер адамның денесін тауып алды

1 708 рет қаралды


18 мөлтек аудандағы көп қабатты үйлердің маңында көмулі жатқан мәйтті, ойын балалары тауып алған. Яғни топыраққа терең көмілмеген дене көзге түсіп қалған. 

Қылмыстық әрекет 21 ші желтоқсан күні орын алғаны белгілі болды. Кісі өлтіріп қылмысын жасыруға тырысқан күдікті, мәйтті сол күні таңғы 4 тер шамасында гараждардың арасына көме салған. Еңбекші аудандық полиция бөлімінің жедел іздестіру тобы, күдіктіні көпке ұзатпай қамауға алды. Мәлім болғандай адам өлтіріп қашып жүрген 1990 жылғы жігіт, Қайнарбұлақ саяжайында қолға түсті. Ол өзінен 16 жас үлкен кісіні аяусыз соққыға жыққан. Ауыр тепкіні көтере алмай жан таспырған 1974 жылғы азамат бұрын сотталған. Оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. 

Дереккөз: kk.tvk-uko.kz

30 қаңтар 2018, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.