Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі ұлғайды

1 935 рет қаралды


Қазақстанда бизнес ашу үшін берілетін несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, несиенің шекті көлемі 18 миллион теңгеге дейін ұлғайтылып, мерзімі 5 жылға дейін, ал егер мал шаруашылығы немесе ауыл шаруашылық кооперативтерін құру үшін болса, мерзімі 7 жылға дейін ұзартылды. "Жалпы алғанда, 2017 жылы 7 мыңға жуық шағын несие беріліп, 57 пайызы немесе 4 мыңнан астамы өз бизнесін бастады (стартап-жобалар).

"Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасының іске асырылуы - кәсіпкерлік негізде несие алу және оқу арқылы өз бизнесін ашу үшін жағдай жасауды көздейді", - дейді мамандар. 

Айта кетейік, 2017 жылы "Бастау-Бизнес" жобасымен 15 мыңнан астам адам қамтылған. Олардың барлығы оқудан өтіп, оның ішінде шамамен 3 300 адам шағын несие алды. Қазіргі таңда шағын несиелеудің ауқымы кеңейіп, ауыл тұрғындарымен қатар қалалық азаматтардың да мұны алуға мүмкіндігі бар.  

Дереккөз: tengrinews.kz

28 қаңтар 2018, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.