
Үшінші жақ ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да әрекет ете алады, ал пайдаланушы ретінде тек қана жеке тұлға ғана әрекет ете алады, деп хабарлайды BNews.kz "Ұлттық ақпарттық технологиялар" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтар үшінші жақпен әрбір алынған анықтамаларға sms-хабарлама арқылы рұқсат береді. Егер пайдаланушы порталда және мобильдік азаматтар қорында тіркелсе, онда оның жеке кабинетіне сұраныспен келісу (бас тарту) үшін хабарлама жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде 2 sms-хабарлама арқылы электрондық анықтаманы үшінші жақпен алуды растау/растамау сұранысы келеді. Сұраныс мақұлданғаннан кейін ғана, хабарламаға жауап беру арқылы, үшінші жақтың "жеке кабинетіне" пайдаланушының атындағы электрондық анықтама келіп түседі.
Осы сервис "Анықтамасыз қызметтер" жобасын іске асыру шеңберінде пилоттық режимінде іске қосылды және бүгінгі таңда үшінші жақпен тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтамаларды алу үшін әрекет етеді. Сонымен қатар, ағымдағы жылғы ақпанда сервис тізіміне сотталғандығы болуы не болмауы туралы анықтама қосылады.
Бүгінгі күні үшінші жақпен 145 мекенжай анықтамасы, 22 жеке тұлғаның жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама және 16 жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама алынды.
Мобильдік азаматтар қорында тіркелу үшін пайдаланушы электрондық үкімет порталының "жеке кабинетіндегі", "телефон" сызық жолына телефон нөмірін енгізіп, осылайша өзін Порталдағы mGov мобильдік қорында тіркеу немесе ХҚКО-ға жүгініп, телефон нөмірін ЖСН-ға бекіту керек екенін еске саламыз.
Дереккөз: bnews.kz
В Атырау 0