Атырау, 23 желтоқсан 23:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері ұсталды

1 983 рет қаралды


Ақтөбе облысында автобуста 52 адамның өртеніп кетуіне кінәлі үш жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі. 

"Тергеу барысында автобустың жанып кетуіне жүргізушілердің автокөлік құралын пайдалану және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуы  себеп  болғаны анықталды, автобус салонында  дәнекерлейтін (паяльная) лампы пайдаланылған", — деп жазылған хабарламада.

Жинақталған нақты деректер негізінде аталған қылмысқа  автобустың барлық 3 жүргізушісінің де қатысы бары анықталды.

2018 жылдың 24 қаңтарында Ақтөбе уақыты бойынша  сағат 22:40-та ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігінде қарастырылған қылмысты жасады деген  күдікпен автобустың барлық 3 жүргізушісі  ұсталып, Ақтөбе қаласы ІІБ уақытша ұстау абақтысына орналастырылды.  

Тергеп-тексеру барысы ҚР Бас прокуратура мен ішкі істер министрлігінің бақылауында. 

Естеріңізге сала кетейік, 2018  жылдың 18 қаңтарында Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

26 қаңтар 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.