Атырау, 21 қыркүйек 03:14
 дождьВ Атырау +19.3
$ 446.56
€ 512.34
₽ 5.30

Қазақстанның шаңғышылары олимпиадаға 19 лицензия алды

2 214 рет қаралды


FIS халықаралық шаңғы спорты федерациясы қазақстандық спортшылардың 19 жолдамасын бекітті, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметі.

Қазақстанның шаңғы жарысынан жеті лицензиясы бар: ерлерде екеу, әйелдерде екеу, тағы үш жолдаманы бапкерлер штабы бөлетін болады.

Тау шаңғысы спорты бойынша қазақстандықтар екі жолдама ұтты — ерлер біреу, әйелдер біреу.

Трамплиннен секіру бойынша ерлерге бір лицензия берілді.

Фристайл-могул бойынша үш адамның лицензиясы бекітілді — екі ер адам және бір әйел адам. Кейінірек тағы бір олимпиада жолдамасының берілгені анықталды.

Фристайл-акробатика бойынша бес лицензия бар – ерлерде біреу, әйелдерде төртеу.

Дереккөз: sputniknews.kz

26 қаңтар 2018, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.