Атырау, 19 мамыр 19:15
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Алматыда парамен ұсталған Әуезов драма театрының директорына қатысты сот басталды

2 345 просмотра


Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының директоры Ерлан Біләлға қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләл ҚР Қылмыстық кодексінің 24 бабының 3 тармағы және 366 бабының 2 тармағы бойынша қылмыс жасағаны үшін күдікті деп танылып отыр.

Сот Қуаныш Ариповтың төрағылығымен өтуде. Сот отырысына сотталушының туыстары мен әріптестері қатысты.

Сот видео, фото түсірілімге және аудиожазуға тиым салғанымен, журналистерге сот отырысына қатысуға рұқсат берді.

Еске сала кетейік, Ерлан Біләл "Сезам"қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының жетекшісінен 2017-ші жылдың 23-ші желтоқсанынан 2018-ші жылдың 7 қаңтары аралығында жаңа жылдық театрландырылған қойылымдар өткізу үшін 900 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр.

Ерлан Біләлдің парамен ұсталғаны туралы ақпарат 5 қаңтар күні тарады. Әріптестері бұл Ерлан Біләлға қарсы ұйымдастырылған арандатушылық деген пікір айтқан еді. 17 қаңтар күні күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа түсті.

Дереккөз: bnews.kz

25 қаңтар 2018, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.