Атырау, 16 сәуір 21:50
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды

2 558 просмотра


Жоғарғы соттың 4 судьясы қызметтен босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Бүгін сенаттың жалпы отырысында Елбасының ұсынуы бойынша Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы мәселе қаралды.

"Мемлекет басшысы сіздердің қарауыңызға Жоғарғы соттың төрт судьясын қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді. Оның үшеуі Өмірсерік Қожабаев, Рақымбек Мамырбаев, Дүйсен Тұмабеков зейнет жасына жетіп, отставкаға кетуге ниет білдірді. Сот жүйесінде еңбек еткен жылдары олар өздерін абыройлы, сауатты, тәжірибелі судья ретінде көрсетті. Бұдан бөлек өткен жылы 13 желтоқсанда Жоғарғы сот судьясы Қалидолла Шауқаров қайтыс болды. Осыған орай мемлекет басшысының осы судьяларды қызметінен босату туралы ұсынысын қолдауды өтінемін", — деді отырыста Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин.

Сенат депутаттары президенттің Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысын қолдап дауыс берді.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 қаңтар 2018, 09:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.