Атырау, 23 желтоқсан 23:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Ақмола облысында қырғызстандықтар мінген автобус жолда қалып қойды

1 869 рет қаралды


Ақмола облысында Қырғызстан азаматтары мінген автобус жолда қалып қойды, адамдар құтқарылды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі департамент Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Астрахань ауданында Екатеринбург — Алматы тас жолының 114-километрінде қалааралық автобус тоқтап қалды.

ТЖД мәліметінше, автобус Джалал-Абад — Пермь — Мәскеу бағдарымен келе жатып, жолда сынып қалған. Ішінде 22 адам болыпты, бәрі Қырғызстан азаматтары екен. Жергілікті атқарушы органдар мен құтқарушылар жолаушыларды Астраханка ауылының мектебіне орналастырды, сол жерде кісілерге жатын орын, ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Дереккөз: sputniknews.kz

25 қаңтар 2018, 09:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.