Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Астанада әйел автобуста келе жатып қайтыс болды

2 161 просмотра


Астанада 24 қаңтарда №48 автобуста қайғылы жағдай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Астана LRT" Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаевқа сілтеме жасап. 

Әйел сағат 19.00-де "Артем" базарындағы аялдамадан отырып, Орбита ықшамауданына бара жатқан. 

Бір сәтте ол өзін нашар сезініп, отырған жерінен құлап кетіп, есін жоғалтқан. Автобустағылардың барлығы қорқып, бірден жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына келген дәрігерлер 1969 жылғы әйелдің қайтыс болғанын айтқан. 

Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне жүрегінің ұстап қалуы себеп болған. 

Криминалистер автобус салонында тергеу жұмыстарын жүргізді.

Дереккөз: tengrinews.kz

25 қаңтар 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.