Атырау, 14 қаңтар 11:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Ақтауда жасөспірім қыз 7-қабаттан құлап қайтыс болды

3 072 рет қаралды


Оқыс оқиға 23 қаңтар күні кешкі уақытта 4-ықшам ауданының №6 үйінде болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Көпқабатты үй тұрғындарының айтуынша, жасөспірім қыз №6 үйдің 7 қабатынан құлаған. Оқыс оқиға туралы хабар жедел жәрдемге сағат 19:40 шамасында келіп түскен. Жасөспірім дәрігерлер келгенше қайтыс болған. Жансақтау бөліміне жатқызудың еш қажеттілігі болмады.

Анықталғандай, жасөспірім төртінші ауданда тұрып жатқан. Белгілі бір себептермен оқыс оқиға болған күні осы аудандағы №6 үйде болған. Оның ұялы телефоны көпқабатты үйдің ішінен табылды. Әзірге не себепті құлағаны белгісіз.

Полициялар телефонды тапқан бойда анасына хабарласқан. Дәл қазір полиция қызметкерлері №6 үйдің тұрғындарынан болған оқиғаға қатысты мәліметтер жинап жатыр.

Дереккөз: baq.kz

24 қаңтар 2018, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.