Атырау, 14 қаңтар 10:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 509.75
€ 594.67
₽ 6.46

Назарбаев АҚШ-қа сапары табысты болғанын мәлімдеді

2 239 рет қаралды


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындылары жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорда

Кеңеске Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Жақсыбеков, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы В.Жұмақанов, Президенттің көмекшілері Н.Онжанов пен Ә.Смайылов қатысты. 

Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапарының аясында өткізілген кездесулерді қорытындылап, қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру үшін бірқатар нақты тапсырма берді.

– Сапар табысты болды. Ең бастысы, нақты мәселелер бойынша нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті шетелдік компаниялармен экономикалық ынтымақтастықты нығайтып, дамыту жөніндегі міндеттерді іске асырудың маңыздылығын атап өтті. 


22 қаңтар 2018, 15:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.