Атырау, 30 сәуір 17:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +17
$ 441.44
€ 473.09
₽ 4.75

​Англияның апелляциялық соты Статиге Қазақстан пайдасына шығарылған шешіміне шағым жасауда бас тартты

1 648 просмотра


Англияның апелляцилық соты А.Статиге Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған шешімге шағым жасауда бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"2018 жылғы 11 қаңтарда Англияның Апелляциялық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Молдованың азаматы А.Стати және басқаларының 2017 жылғы 6 маусымда Қазақстан Республикасының пайдасына шығарылған сот шешіміне шағым жасауға рұқсат беру жөніндегі өтінішін қабылдамай тастады", - делінген ведомство хабарламасында.  

Сондай-ақ, Англияның Жоғары соты 2017 жылғы 6 маусымдағы өз шешімінде 2013 жылғы 19 желтоқсандағы төрелік трибуналдың шешімі алаяқтыққа негізделген және оның орындалуы Англияның қоғамдық тәртібіне қайшы келеді деген Қазақстан Республикасының мәлімдемесін қолдағаны айтылады. 

Бұдан бұрын, 2017 жылғы 27 маусымда Англияның Жоғары соты да А.Статиге алаяқтық фактілерін ағылшын әділ сотында мәні бойынша қарауға мүмкіндік берген шешімге шағым жасауға мүмкіндік беруден бас тартқан еді. 

"Қазақстан Республикасы талапкерлер тарапынан орын алған алаяқтық фактілерін дәлелдеуді жалғастырады және шамамен 2018 жылғы қазан айына белгіленген тыңдауларда тиісті дәлелдерді ұсынатын болады. 

Аталған іс бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруді және қорғауды "Herbert Smith Freehills LLP" халықаралық заң фирмасының қатысуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі қамтамасыз етуде", - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 қаңтар 2018, 10:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.