Атырау, 19 мамыр 15:18
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігін жүргізген полицей қызметінен қуылды

1 395 просмотра


ІІД өкілдері Ақорда қақпасына соқтығысқан көлікке қатысты мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"17 қаңтарға қараған түні болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп, оның барысаында Астана қалалық ІІД ӘПҚ ЖПП арнайы батальоны қызметінің инспекторы полицияның аға лейтенанты Е.Иманбеков Достық көшесімен келе жатып, мұхтайғақ жағдайында тізгінге ие бола алмай, қақпаға соқтығысқан, сөйтіп қақпаны бүлдірген. Ешкім зардап шеккен жоқ", - деді ІІД өкілдері. 

Полициядағылардың айтуынша, жол апатын жасаған Е.Иманбеков ҚР ішкі істер органдары қызметінен шығарылған.  Сондай-ақ, қоластындағылардың жеке-тәрбиелік жұмысын әлсіз ұйымдастырғаны үшін осы бөлімшенің бірқатар жетекшісі қатаң тәртіптік жазаға тартылған. 


Еске салайық, әлеуметтік желілерде Ақорда қақпасына соқтығысқан Porsche Cayenne көлігінің суреттері пайда болған еді. Бұл суреттердің қашан түсірілгені белгісіз. 

Расталмаған мәліметтер бойынша, автомобильде полиция қызметкерлері болған. Tengrinews.kz редакциясы құзырлы органдарға сауалхат жолдады. 

Дереккөз: tengrinews.kz

18 қаңтар 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.