Атырау, 24 сәуір 09:24
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

4 162 просмотра

КҮРЕС


«Жас батыр» спорт кешенінде 5-15 жас аралығындағы балалар арасында еркін күрестен қалалық турнир өтті.

Сайысқа 200-дей жас спортшы қатысты. Өз салмақ дәрежелерінде Әнуар Қазмағамбетов, Роман Байбосынов, Әділ Қарабалаев, Мирас Сағынбаев, Қожағұл Мұстафа және Әлия Муселиева жеңімпаздар атанды.

***


ЗІЛТЕМІР


«Барыс» балалар және жасөспірімдер клубының қолдауымен ауыр атлетика бойынша Атырау қаласының чемпионаты өтті.

Өз салмақ дәрежелері бойынша Олег Фофонов, Ғалымжан Әлихан, Эльдар Тапин, Нәсіпқали Айбек, Батырбек Жұмабаев, Никита Ефремов, Наиль Бекмамбетов, Павел Трембач, Бағыт Әлішер және Ноғайбек Нұргелді чемпион атанды. Қыздар арасында Анастасия Семакова жеңіске жетті. Спортшыларды тренерлер Т. Халматов, И.Мырғамбаев, А.Убиев және Н.Іргебай дайындады.

***


САМБО


Тольяттиде 2002-03 жылғы жасөспірімдер арасында Еуропа және әлем чемпиондары М. Зюзин, Д. Рейстров және И. Ивановты еске алуға арналған Бүкілресейлік ашық турнир өтті.

Оған атыраулық спортшылар да қатысты. Ислам Қаратай, Сырым Байғалиев, Ерасыл Удреев, Әділет Хисапов, Әлішер Аманқосов, Мәдениет Құлманов және Құдайберген Мекешев жеңімпаздар атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ



18 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.