Атырау, 24 желтоқсан 02:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қостанай облысында оқушылар мектепте тоңып отыр

2 326 рет қаралды


Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайлов орта мектебінің оқушылары мен ата-аналары мектептегі төмен температураға шағымданып отыр, деп хабарлайды alau.kz.

Ата-аналардың бірі Луиза Чистякованың айтуынша, мектепте ауа температурасы +2 мен +13 градус аралығында. 

"Мектепте өте суық. Бұл алғаш рет емес. Балаларымыз ауырып жатыр. Көмек сұрамаған жеріміз қалмады, алайда ешкім ештеңе демейді. Балаларға обал, қашанғы бұлай жалғаса береді. Осының кесірінен оқушылардың сабағы 30 минутқа қысқарды, — дейді әйел. 

Оқушылардың айтуынша, мұндай суықта сабақ оқу мүлде мүмкін емес. 

"Мектебіміз суық. Сыныпта отыру мүмкін емес, қол тоңады. Көп сабақта қалам ұстап жаза алмаймыз. Орындыққа да отыра алмайсың. Ал асханада тіпті аузыңнан бу шығады», — дейді балалар. 

Мектеп директоры бұл проблеманың соңғы бірнеше жыл бойы қайталанып келе жатқанын айтты. 90-шы жылдары оқу мекемесін отын қоймасы жылытқан, алайда кейін ТЖ талаптарына сәйкес келмегендіктен, оны алып тастапты. Балалардың жартысына суық тиіп, кейбірі бір емес, екі рет ауырып қалған. 

"Ең суық кабинет – ұлдарға технология сабағы өтетін шеберханалар. Қазан айынан бері 96 оқушының 75-і суық тиіп ауырып қалды. Олардың арасында екі рет ауырған балалар да бар. Бүгін әкім сағаты болды. Екі апта бойы мониторинг жүргізу туралы шешім қабылданды», — деді мектеп директоры Татьяна Обухова.

Директордың айтуынша, мектепте модельді қазандық орнату жоспарланып отыр.

Дереккөз: sputniknews.kz

17 қаңтар 2018, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.