Атырау, 28 наурыз 20:50
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Блогерлер латын әліпбиі туралы пост жазғаны үшін миллиондаған теңге алады

3 613 просмотра


Қазақстан электронды үкіметінің сайтында 2025 жылға дейін қазақ тілін латын әліпбиіне кезең-кезеңімен көшіру бойынша іс-шаралар жоспарының жобасы жарияланды.  

Құжатқа сәйкес, латын қарпіне көшу үш кезең бойынша өтеді:

• бірінші — 2018-2020 жылдар;

• екінші — 2021-2023 жылдар;

• үшінші — 2024-2025 жылдар.

Әлеуметтік желілерде блогерлерді тарту жолымен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге 462 миллион 600 мың теңге жұмсау жоспарланған. Оған Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі жауапты болады.  

Қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін видеоблоктар әзірлеуге 168 миллион теңге бөлінбек. Сондай-ақ осы тақырыпта материалдар жариялауға маманданған журналистер пулы жасақталады деп жоспарлануда, алайда оған қаржы қарастырылмаған.   

Жоспарды ашық талқылау осы жылдың 30 қаңтарына дейін созылады. 

Дереккөз: sputniknews.kz

17 қаңтар 2018, 11:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.