Атырау, 19 мамыр 13:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

АрселорМиттал шахтерлердің жалақысы көтерілгенін мәлімдеді

1 983 просмотра


"АрселорМиттал Теміртау" АҚ жұмыскерлерінің жалақысы көтерілді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.  

"2017 жылдың 31 желтоқсанында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ және "Өркен" ЖШС тізімінде болған жұмыскерлердің жалақысы 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап көбейеді. "АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті жерасты топтары мен "Өркен" ЖШС-на қарасты Атасу темір кені қызметкерлері үшін еңбекақы 30% —ға артады, оған қоса жалақы ұжымдық келісімшартқа сәйкес 3,55% көлемінде индекстеледі (инфляциядан қорғайтын қаржы)", — деп жазылған таратылған хабарламада.  

Мәліметке сәйкес, көмір департаменті, "Өркен" ЖШС және құрыш департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысы грейдингтік жүйеге сәйкес 30%-ға дейін өседі. 

 Компания құрыш департаментінің қызметкерлері, көмір департаментінің жер үстінде жұмыс істейтін қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесі 2018 жылдың 26 қаңтарына дейін қаралып, шешілетінін атап өтті.   

Естеріңізге салып өтсек, 11 желтоқсанда "АрселорМиттал Теміртау" АҚ шахтерлері зейнет жасын төмендетуді және жалақыны өсіруді талап етіп, жер астынан шықпай қойды. Ереуіл төрт-бес күнге созылды.  

Компания ереуілдеген шахтерлермен келіссөздер тек жер бетінде жүргізілетінін мәлімдеді.  

14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтатып, шахтерлерді жер астынан шығуға міндеттеді.

15 желтоқсан күні барлық шахтер жер бетіне шығып, келіссөз жүргізуге келісім берді.  

Дереккөз: sputniknews.kz

17 қаңтар 2018, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.