Атырау, 24 желтоқсан 02:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Қазақстанның халқы бір жылда 230 мыңға өсті

2 433 рет қаралды


2017 жылғы 1 желтоқсанға еліміздегі халық саны 18 137,3 мың адамға жетті, 2016 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда халық саны 231,3 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің ақпараты бойынша, қалалықтар саны - 10 413,2 мың (57,4%), ауылдықтар - 7 724,1 мың адамды (42,6%) құрады. 

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-қарашада туылғандар саны 359,6 мың адамды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 4,9% аз. 

Туудың жалпы коэффициенті 1 000 адамға 21,78 сәбиді құрады. 

2017 жылғы қаңтар-қарашада республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 16,9 мың адамға немесе 6,6% кеміп, 239,8 мың адамды құрады. 

Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 14,52 адамды құрады.  

Дереккөз: inform.kz

16 қаңтар 2018, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.