Атырау, 22 желтоқсан 12:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

АҚШ Қазақстанды сенімді елдер тобына қосты

1 467 рет қаралды


Америкалық туристер үшін арнайы интерактивті карта құрылды. Аталған картаға сенімді мемлекеттер тізімі төрт топқа жіктеліп енгізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бірінші топтағы мемлекеттерде қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы жүре беруге болады. Бұл тізімге Шығыс Еуропа, Скандинавия мемлекеттері, Беларусь, Қазақстан және Украина сынды мемлекеттер кірді.

Екінші топқа барғанда сақтық шаралары сақталуы тиіс, теракті жиі болуы мүмкін деген мемлекеттер енгізілді. Олар — Батыс Еуропа мемлекеттері мен Украина.

Үшінші топқа баруға кеңес берілмейтін елдер кірді. Олар — Ресей, Түркия, Пәкістан, Нигерия, Чад және Нигер.

Төртінші топ — Ауғанстан, Иран, Сирия, Ливия, Йемен және ҚХДР.

Мемлекеттік департамент өкілі Мишель Бернье-Тот жаңа тізімнің саяхатшыларға көмегі зор екеніне сенімді.

«Аталған мемлекеттердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіре беруден жалықтым. Ақпаратты барынша түсінікті етіп жеткізуімізге тура келді», - дейді ол.

Дереккөз: baq.kz

15 қаңтар 2018, 10:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.