Атырау, 24 желтоқсан 03:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

«Бәйтерек» холдингі төрағасының орынбасары тағайындалды

2 347 рет қаралды


Ғалымжан Тәжияқов «Бәйтерек» холдингі басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат холдингтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

2016 жылғы шілдеден бастап Ғалымжан Тәжияқов «Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры қызметін атқарып, активтерді басқару және корпоративтік қаржыландыруға жетекшілік жасады. 

Ол «Бәйтерек» холдингіне шақырылмас бұрын, Еуразиялық даму банкінде басқарушы директор, «Ситибанк Қазақстан» АҚ кіші вице-президенті, «HSBC Банк Қазақстан» АҚ-да түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, «Kaspi Bank» АҚ және «ABN AMRO Қазақстан Банкі» АҚ-да қаржы институттары басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 

Тәжияқов Қазақстан мен Ұлыбританияның оқу орындарын - Қазақ мемлекеттік басқару академиясын (экономист- халықаралық саясат білгірі) және Дарем Университетінің бизнес мектебін (MBA) үздік бітірген.

Дереккөз: inform.kz

15 қаңтар 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.