Атырау, 18 қазан 20:54
Түнде ашық+5, таңертең +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 363.26  € 420.11  P 5.54

"Эйр Астана" ұшағына қатысты оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалды

12 қаңтар 15:21


Көліктегі полиция Алматы әуежайындағы "Эйр Астана" ұшағына қатысты оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ ресми өкілі Альберт Жазыбаев Sputnik Қазақстан агенттігіне.

2017 жылдың 10 қаңтарында Алматы-Бангкок бағдарлы "Эйр Астана" ұшағы сапарға аттанар кезде ұшу-қону жолағы аймағынан тысқары шығып кеткен. Жолаушылар қауіпсіз жерге шығарылып, Бангкокке басқа ұшақпен аттандырылды. Төтенше оқиғаның мән-жайын Қазақстанның инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен арнайы комиссия анықтайтын болды.

Бұл комиссия ұшақ экипажының ағаттық жібергенін мәлімдеді. "Эйр Астана" компаниясы комиссияның қорытындысымен келіспей, БҰҰ Конвенциясы талаптарына сай келмейді деп ұйғарды.

"Алматы халықаралық әуежайы" АҚ қызметкерлерінің әрекетінде ешқандай кемшілік анықталған жоқ, — дейді Жазыбаев. – Алматы әуежайындағы полиция бөлімшесінің мәліметінше көліктегі ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады, соның аясында мен, "Алматы халықаралық әуежайы" АҚ өкілі, куәгер ретінде сұрақтарға жауап бердім".

Жазыбаевтың мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу амалдары нәтижесінде нақты кімнің кінәлі екені анықталмақ.

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

822 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4 5 6