Атырау, 23 қазан 11:12
Күндіз бұлтты+14, кешке +12
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 365.49  € 420.35  P 5.60

Баян Алагөзова маңызды құжаттарын әкеткен ұрыны іздестіріп жатыр

12 қаңтар 09:44


Баян Алагөзова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында кеңсесіне ұры түсіп, маңызды құжаттарын алып кеткенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Баян Алагөзова кеңсесінен маңызды құжаттарын ұрлап әкеткен ұрыны іздестіріп жатыр. Продюсер ұрының кім болуы мүмкін екенін білетінін айтты.

«Кеше түнде менің кеңсеме ұрылар түсіпті. Белгілі болғандай олар аппаратура, компьютер және костюмдерге тиіспеген. Тек папкада тұрған құжаттарды ұрлаған. Жоқ, мен бұл мәселеге қатысты алаңдап отырған жоқпын. Себебі, мұны жасаған адамдар құжаттан жаман нәрсе таппайды. Аудиторларға босқа көп ақша төлеп, уақытыңызды шығындайсыз. Мен адал жұмыс істеймін! Сіздерді табу үшін барымды саламын! Бұл қылмысқа тапсырыс бергендер ерте ме, кеш пе жазаланады. Әрине, мұның кім екеніне болжамым да бар», - деп жазды Баян Алагөзова.

Естеріңізге сала кетсек, Баян Алагөзова әнші Меруерт Түсіпбаеваның сынына жауап бергені туралы хабарлаған болатынбыз.

Дереккөз: baq.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

927 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Басты бет

1 2 3 4