Атырау, 3 мамыр 18:47
 ашықВ Атырау +10
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Астанаға пойызбен тегін жетпек болған жігіт тоққа түсіп қалды

1 462 просмотра


Көкшетаудың теміржол вокзалында оқыс оқиға орын алды. Қалтасында көк тиыны жоқ 25 жастағы жігіт электровоздың үстіне шығып кетіп, токқа түсті.

Электровоздардың аса жоғары кернеулі токпен жүретінін білмеді ме, әйтеуір ол  Көкшетаудан Астанаға тегін жетіп алғысы келіпті. Ол тіпті қысқы суық ауа райы жайлы да ойланбаса керек. Сөйтіп, теміржол қызметкерлері көзін ала бере электровоздың үстіне шығып мініп алған. Сол сәтте  29 мың вольт тоқ соғыпты. Екі аяғы жанып, поезд үстінде шырқырап жан дауысы шыққан жігітті көрген өзге жолаушылардың зәресі ұшқан.  Оны әрең дегенде электровоздан түсіріп алған теміржол қызметкерлері жедел жәрдем шақырған. Қазір денесінің жартысына жуығын күйік шалған жігіттің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр.

Елдос Қайыржанов, травматолог-дәрігері:

- Қазір жағдайы өте ауыр. 2 аяғы жанған,күйіктері көп.3-ші 4-ші дәрежеде. Жағдайы түскен кезге қарағанда кішкене жеңілденді. Бірақ өте ауыр науқас болып саналады.    

Дереккөз: ktk.kz



12 қаңтар 2018, 09:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.