Атырау, 4 наурыз 16:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.09
€ 577.34
₽ 6.41

Астанада ер адам желге ұшып кетіп, ғимаратқа бір-ақ соғылған

2 907 рет қаралды


Елорда тұрғыны алай-түлей соққан желге ұшып, бизнес орталығы ғимаратына соғылып, жарақат алды, деп хабарлайды Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының баспасөз қызметі.

"Қолайсыз ауа райынан екі адам зардап шекті: 1984 жылғы әйелдің үстіне баннер құлап, оң жақ жауырынынан жарақат алған, 1950 жылы туған ер адам қатты желге ұшып, бизнес орталығына соғылу салдарынан тобығын ауыртып алды", − деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Жалпы ұйымның мәліметінше, 10 қаңтарда травмпунктке 73 адам қаралып, олардың 46-сы көшеде жарақат алған.

Бүгін 11 қаңтарда 8:00 бен 15:00 аралығында 17 адам қаралыпты. Мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 қаңтар 2018, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.